Қалада түнгі уақытта 367 техника қолданылған, 171 жұмысшы қар күреуге шыққан.
ERNUR.KZ. Алматыда 14 наурызда сағат 15:30-дан 15 наурыз сағат 5:00-ке дейін қалыңдығы 15 сантиметр қар жауды, деп жазады inbusiness.kz.
Қалада түнгі уақытта 367 техника қолданылған, 171 жұмысшы қар күреуге шыққан. 148 құмтаратқыш арқылы көктайғаққа қарсы материалдар себілді. Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 1193 тонна қолданылған.
"Сағат 20:30-дан 06:00-ге дейін жол патрульдік полиция көлігінің еріп жүруімен 16 баған қар күреді. Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 520 метр куб, ал қыс бойы 367,8 мың метр куб қар шығарылды. Таңғы "қарбалас сәттен" кейін қар шығару жұмыстары жалғасады", - делінген әкімдік хабарламасында.
Сонымен қатар, шағын көлемді 160 тротуар техникасымен тротуарлар тазартылып жатқаны да айтылды. Әлеуметтік маңызды нысандардан кіреберістер, қоғамдық көлік аялдамалары және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдері күреліп жатыр.
"Сағат 08.00-ден бастап 394 арнайы техника, оның ішінде 145 құмтаратқыш, тротуардағы қарды күрейтін 169 техника мен 602 жұмысшыны жұмылдыру жоспарланып отыр", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
"Қазгидромет" РМК болжамынша, күндіз ауа температурасы 0-… +2 градус аралығында болады, жауын-шашын жаумайды.