Тексеру барысында полицейлер әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккен 24 жастағы Оңтүстік Корея азаматын анықтады.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Корея азаматына ұшақ бортында темекі шеккені үшін 50 АЕК айыппұл салынды, деп жазады baq.kz.
Сеул – Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне Air Astana әуекомпаниясы өкілінің актісі бойынша құқық бұзушы берілді.
Тексеру барысында полицейлер әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккен 24 жастағы Оңтүстік Корея азаматын анықтады.
Шетелдік азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі, яғни әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтыну бойынша әкімшілік хаттама толтырылып оған 50 АЕК (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.
Естеріңізге сала кетейік, ұшақ бортында темекі шегуге тыйым салынады және бұл 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылады.