3-4 шілде аралығында жаңбыр жауады.
ERNUR.KZ. Алматы қалалық ТЖД «Қазгидромет» РМК бөлімшесінің 2019 жылғы 2 шілдедегі болжамы негізінде дауылды ескерту жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.
«3-4 шілде аралығында жаңбыр жауады. Алматы қаласының іргелес аумақтарында кей жерлерде қатты ағынның күшеюіне байланысты өзендегі су деңгейінің көтерілуі ықтимал. Қала тұрғындары мен қонақтарына тауға шыққанда сақтық шараларын сақтауды ескертеміз»,- деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінен.