Алматыда полиция 30 әйелді ұстады

0
618

Он күнде полиция бөлімшесіне жеңіл жүрісті 245 әйел жеткізілген. Жеке басын растайтын құжаттары жоқ азаматтар қамауға алынды.


Алматыда полиция 30 әйелді ұстады

ERNUR.KZ. Алматыда қонақ үй түрінде үш притон жұмыс істегені анықталды, деп жазады sputniknews.kz.

Алматы қаласының Түрксіб ауданында екі, Әуезов ауданында бір қонақ үй кешені анықталған. Мекеме иелері үй-жайды жезөкшелікпен айналысуға бергені үшін жауапқа тартылды.
"Полиция жезөкшелікпен айналысатын отызға жуық әйелді ұстады. Оның үшеуі – Өзбекстан азаматы. Анықталған қонақ үйлер олардың тұрақты жұмыс орны болған", - делінген ақпаратта.
Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадиннің айтуынша, жезөкшелікпен айналысатын қыздарды тексеру үшін ЖИТС орталығының қызметкерлерін тартқан.
"Олар мобильді зертхананың көмегімен әйелдердің ауруын анықтауға тексеріс жүргізіп, өз ұсыныстарын білдірді", - деді ол.
Кезекті тексеріс осы жылдың 11 ақпанында басталған. 10 күн ішінде полиция бөлімшелеріне арнайы құрылған топ жеңіл жүрісті 245 қызды жеткізген. Олардың үшеуі – Ресей Федерациясының, алтауы – Өзбекстан азаматы, тағы алты қыз Қырғызстаннан келген және украиналық бір қыз бар. Жеке басын растайтын құжаттары жоқ азаматтар полиция департаментінің қабылдау-тарату орнына қамалды.