Эпицентрі Алматыдан 261 шақырым жерде орналасқан.
Алматы қаласында 25 ақпан сағат 10.16 шамасында 3 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісінде эпицентр туралы ақпарат, балдық көрсеткіш өңделіп жатыр.
“Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүліну мәніне көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін, қираудың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіледі”, – делінген хабарламада.
Орталық мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 261 шақырым жерде орналасқан.