Алматыда тұрғын үй кешені күзетшісін аяусыз өлтіру оқиғасы: тергеу тоқтатылды

0
294


Алматыда тұрғын үй кешені күзетшісін аяусыз өлтіру оқиғасы: тергеу тоқтатылды

ERNUR.KZ. Алматы прокуратурасы биыл наурызда "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлігімен бірнеше рет қағып, соққыға жыққан бұрынғы депутаттың ұлына қатысты тергеудің барысы туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы прокуратурасы тергеудің барысы туралы редакцияның ресми сауалына берген жауабында, 29 наурызда адам өлтіру дерегі бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 45-бабы 7-бөлігі 4-тармағы негізінде соталды тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады ведомство.

Бұл бапта сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі заңда белгіленген тәртіппен куәландырылған күдіктінің, айыпталушының психикасының уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр сырқаты кезінде үзіледі деп көрсетілген.

Еске салайық, жол талғамайтын көлігімен күзетшіні бірнеше рет қағып, кейін көлігінен түсіп оны соққыға жыққан ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған болатын. Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды.