​Алматыда жас қыз көпқабатты үйден құлап, мерт болды

0
205

Қаза болған бойжеткен 2005 жылы туған.


​Алматыда жас қыз көпқабатты үйден құлап, мерт болды

Фото: Polisia.kz

ERNUR.KZ. Алматыда бойжеткен көпқабатты үйден құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп жазады inform.kz.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Ондағы мәлімет бойынша, жас қыз Алмалы ауданында орналасқан «Алтын Бұлақ 2» тұрғын үй кешенінен құлап кеткен.
Бұл ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады.
— Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету») бойынша, Алмалы аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомстводан нақтылағандай, қаза болған бойжеткен 2005 жылы туған.