Алматыда жасөспірімді мопед қағып кетті

0
561

Жасөспірім ауруханаға жеткізілген.


Алматыда жасөспірімді мопед қағып кетті

ERNUR.KZ. Алматыда кәмелетке толмаған баланы мопед қағып кетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға 8 қазанда күндіз Торайғыров және Науаи көшелерінің қиылысында болған. Куәгер жаяу жүргіншілерге арналған жолда жатқан бозбаланы түсірген. Оны алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқан бір топ адам қоршап тұр.

Полицейлердің хабарлауынша, жәбірленуші ауыр жарақат алмаған.

"Бұл жол-көлік оқиғасы Бостандық ауданында болды. Кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Бақытымызға орай, ол ауыр жарақат алған жоқ. Оған медициналық көмек көрсетілді. Бұл дерек қазір аудандық полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімшесінде тіркеліп, тергеліп жатыр", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.