​Алматыда жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметр болды

0
2 550

Басқарманың мәліметінше, сағат 01:00 мен 08:00 аралығында жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жеткен, ал таулы аймақтарда 30 сантиметрден асқан.


​Алматыда жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметр болды

ERNUR.KZ. Алматыда 6 ақпанға қараған түні қалың қар жауа бастады, - деп жазады Теngrinews.kz.

Басқарманың мәліметінше, сағат 01:00 мен 08:00 аралығында жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жеткен, ал таулы аймақтарда 30 сантиметрден асқан. Қар тазалау жұмыстарына 574 арнайы техника жұмылып, көктайғаққа қарсы 3100 тонна материал қолданылған.

Сондай-ақ, күндізгі уақытта 718 арнайы техника мен 2 200 жұмысшының жұмылатыны айтылады. "Осыған байланысты Алматы қалалық әкімдігі көлік жүргізушілерінен қар тазалау жұмыстарына түсіністікпен қарап, жол шетінде көліктерін қалдырмауды сұрайды. Әсіресе, түнгі уақытта. Тазалау жұмыстарына кедергі келтіретін көлік құралдарының эвакуатормен алып кететінін ескертеміз", - деп хабарлады басқармадағылар. Қар тазалау жұмыстарын 7 ақпанда кешкі уақытқа дейін аяқтау жоспарланып отыр.