Алматыда "жезөкшелер үйінен" қашқан қыздар видеоға түсірілді

0
533

Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде орналасқан ғимараттан бір топ қыздың асығыс шығып бара жатқаны түсірілен видео пайда болды.


Алматыда

ERNUR.KZ. Алматы полицейлері жезөкшелікпен айналысқан сауна әкімшісіне айыппұл салды, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде орналасқан ғимараттан бір топ қыздың асығыс шығып бара жатқаны түсірілен видео пайда болды. Жазбада олардың боди-массаж жасау желеуімен жезөкшелікпен айналысқаны және оған ешкім назар аудармағаны айтылған.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі монша кешенінің әкімшісі жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай бергені үшін жауапқа тартылғанын хабарлады.

"Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды", - деп қосты полиция өкілдері.