Алматыдағы лифт шахтасына шетелдік жұмысшы құлап, қайтыс болды

0
110

Полиция қылмыстық іс қозғады.


Алматыдағы лифт шахтасына шетелдік жұмысшы құлап, қайтыс болды

ERNUR.KZ. Шетелдік жұмысшы Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінің лифт шахтасына құлап кетті, деп жазады sputnik.kz.


Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Полиция департаменті бұл оқиғаға түсініктеме берді.

"Бұл факті бойынша Алмалы ауданының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның қалай болғаны әлі белгісіз.