Алматыда 5 балдық қуатты жер сілкінісі тіркелген еді.
ERNUR.KZ. Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қуатты зілзаладан кейін кейбір ғимараттарға зақым келгенін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Жер сілкінісі салдарынан ғимараттардағы төбе, сылақ, кафель және қасбетті әрлеу сияқты әрлеу материалдарына зақым келген.
“Бұл зақымданулар тірек конструкцияларының бұзылуынан емес. Әрлеу материалдарының бүліну, бүлінбеуі оның тұрақтылығы, бекіту сапасы мен материалдың өзіне байланысты. Қазіргі таңда аудан әкімдіктері жанынан кешенді тексеру жүргізу үшін уәкілетті органдардың құрамымен жұмыс топтары құрылды”, – делінген хабарламада.
Жер сілкінісі салдарынан зақымдану анықталған жағдайда, нысандардың тізімі сараптамалық ұйымдар сейсмикалық тұрақтылыққа тексерулер жүргізу үшін Алматы қаласының урбанистика және қала құрылысы басқармасына жіберіледі.
Айта кетейік, бүгін Алматыда 5 балдық қуатты жер сілкінісі тіркелген еді.