Алматының құлауы содырларға халық тығыз қоныстанған оңтүстікті, артынша бүкіл елді басып алуға жол ашатын еді, деді Қазақстан президенті.
ERNUR.KZ. Алматы полициясы департаментінің айналасында содырлармен ұрыс екі түн бойы жалғасқан. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Алматы департаментінің маңында ұрыс екі түн бойы жалғасты. Полицейлер террористердің шабуылына тойтарыс берді. Содырлар полицейлерді асқан қатігездікпен ұрып-соғып, екеуінің басын кесіп тастады", - деді Тоқаев ҰҚШҰ лидерлерінің онлайн саммитінде.
Алматының құлауы содырларға халық тығыз қоныстанған оңтүстікті, артынша бүкіл елді басып алуға жол ашатын еді, деді Қазақстан президенті.