Алты айлық баласымен жоғалып кеткен келіншек Алматы облысындағы фермадан табылды

0
654

Екі ай бұрын ол алты айлық баламен үйінен кетіп, оралмаған.


Алты айлық баласымен жоғалып кеткен келіншек Алматы облысындағы фермадан табылды

ERNUR.KZ. Емшектегі баласымен жоғалып кеткен келіншек Алматы облысындағы фермадан табылды, деп жазады tengrinews.kz.

"Жас әйелді іздеу шаралары бірден бақылауға алынды, оған аудандық полиция қызметкерлерімен бірге облыстық департаментінің іздеу бөлімінің мамандары жұмылдырылған. Қазіргі уақытта із-түссіз жоғалған әйелдің қайда жүргені анықталды. Осы уақыт бойы ол өзінің азаматтық жолдасымен көрші тұрған Балқаш ауданында болған. Ер адам онда фермалардың бірінде жұмыс істейді екен. Полицейлер әйелмен кездесіп, туыстарына хабарласуды өтінді", - делінген Алматы облыстық ПД хабарламасында.

Айта кетейік, 22 жастағы Ақмарал Қалдыбаеваның жоғалғаны туралы жазған болатынбыз.

Екі ай бұрын ол алты айлық баламен үйінен кетіп, оралмаған. Ақмарал соңғы екі жылда Қарасай ауданындағы Көлді ауылында отбасымен бірге тұрған.