Әнуар Жұмаділдаев Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды

0
519


Әнуар Жұмаділдаев Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әнуар Жұмаділдаев 22 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.

2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2008 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің Алкоголь, темекі және акциздеуге жататын басқа да өнімдерді әкімшілендіру басқармасының бастығы болып еңбек етті.

2009 жылы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы лауазымына ауыстырылды.

Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетін және Қаржылық бақылау комитетін басқарды.

2017-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды.