"Әпкем мендей сіңлісі барынан ұялатынын айтты": Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

0
325

Өнер иесі өзін жек көретіндерге үндеу жасап, ел алдында сырын ақтарған еді.


ERNUR.KZ. Халық әртісі Мақпал Жүнісова таңда жолдаған видеосындағы сөздеріне қатысты пікір білдіріп, кешірім сұрады, деп жазады stan.kz.

Өнер иесі өзін жек көретіндерге үндеу жасап, ел алдында сырын ақтарған еді.

Құрметті ағайын! Менің таңдағы видеома кешіріммен қараңыздар! Қазір ғана әпкем хабарласып, мендей сіңлісі барына ұялатынын айтты. “Сен біздің масқарамызды шығардың! Сендей сіңлім болғанына өкінемін” деп маған қатты сөздер айтып жатыр. Жарайды, өмір сүре берсін! Мен де өлемін. Сүлеймен де өлген. Патшалардың бәрі өледі. Басымды қатырмаңдар! Кері қайтсаңдар, кері қайтып кетіңдер! Әкемнің әруағы қолдасын!”, – деді әнші.

Айта кетейік, халық әртісі “ішімдік ішіп, ел алдына шықты” дегенді жоққа шығарып, қымыз ғана ішкенін мойындаған еді.

“Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой. Анда-санда бұзып қой” дейді. Бұзатын кездерім болады. Бірақ сіздер мені кешіресіздер. Мен мас емеспін. 1 литр қымыз ғана іштім. Мен де адам баласымын. Үйімнің құрылысы бітпей жатыр. Соған ашуланып қаламын. Жалғыз өзім жүрген қатын емеспін ба?”, – деп мұңын шаққан еді өнер өкілі.