Қазір дәрігер Марина Наумованың препараттарды неліктен әкелгені тексеріліп жатыр. Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті әйелдің науқастарға анестезия жасауға рұқсат сертификатын қайтарып алды.
Қарағандыда екі баланың өліміне қатысы бар деп айыпталған анестезиолог дәрігер тісін емдетуге келген сәбиге пайдалануға болмайтын препарат қолданған. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің өкілдері айтты, деп хабарлады astanatv.kz.
Қазір дәрігер Марина Наумованың препараттарды неліктен әкелгені тексеріліп жатыр. Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті әйелдің науқастарға анестезия жасауға рұқсат сертификатын қайтарып алды.
Еске салсақ, осыдан екі ай бұрын тіс емханасына келген 2 жасар ресейлік Семен Арзамасцев көз жұмған. 2 жыл бұрын басқа емханада Наумова емдеген 13 жасар қыз баланың да дәл осылай қаза тапқаны да анықталды. Анестезиологқа қатысты ҚК-тің 317- інші, яғни "медицина немесе фармацевтика жұмыскерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы" бабымен қылмыстық іс қозғалды.