15 миллион теңге қауіпті аурудың алдын алуға бағытталған іс-шараларға жұмсалмақ.
Фото: yahoo.com
ERNUR.KZ. Астана әкімдігі гейлер арасында ВИЧ инфекциясы таралмауы үшін 15 миллион теңге бөлді, деп жазады stan.kz.
15 миллион теңге қауіпті аурудың алдын алуға бағытталған іс-шараларға жұмсалмақ. Яғни, бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсуге әуес ерлерге иммун тапшылығы вирусы мен өзге де инфекциялар жайлы ақпарат беріледі. Медициналық көмек ұсынылады. Сондай-ақ оларға шұғыл-тестілеуден өтуге мүмкіндік беріледі.
“Биыл, яғни 2025 жылы гейлер арасында ВИЧ таралмауы үшін 15 миллион 500 мың қаражат бөлінді. Бұл қаражат негізінен аутрич қызметкерлердің жалақысы”, – дейді Астана қаласы аитв-инфекциясын алдын-алу бөлімінің меңгерушісі Ұлықбек Сәулебаев.