Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 млн теңге.
ERNUR.KZ. LRT бойынша мемлекет алдындағы қарыз өтелді, деп жазады sputnik.kz.
Елорда прокуратурасы "City Transportation Systems" ЖШС-нің (бұрынғы "Astana LRT" компаниясының) пайдасына қатысты сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді. Айта кетейік, бұл серіктестіктің құрылтайшысы - Астана қаласының әкімдігі.
"Қадағалау шараларымен борышкерлер мемлекет балансына жалпы 40 жылжымайтын мүлікті берді", - деп жазды ведомстводағылар.
Оның ішінде:
39 тұрғын емес үй-жай;
ауданы 12,8 га темір жолдары бар асфальт-бетон зауытының жылжымайтын мүлікке қызмет көрсетудің нысаналы мақсаты болып табылатын жер учаскесі бар.
Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 млн теңге.
Мемлекеттің пайдасына құны 615 млн теңге болатын тағы 37 мүлік нысаны өндірілуде.