Астана мектептерінде сабақ қысқартылды

0
255

Бұған себеп желдің күрт күшеюі.


Астана мектептерінде сабақ қысқартылды

Фото: primeminister.kz

ERNUR.KZ. Астанада бүгін, 2024 жылдың 6 қарашасында мектеп оқушыларының сабақтары қысқартылды. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Бұған себеп желдің күрт күшеюі.

"6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты (желдің жылдамдығы 30 м/с дейін артады) екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқарады. Сынып жетекшілері ата-аналарға оқушылардың тек ересектермен жіберілетіні туралы айту қажет", — деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.

Бұған дейін желдің күшеюіне байланысты елордалық құтқарушылар азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырған болатын.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Астанада 6-7 қарашада жел күшейеді. Синоптиктердің болжауынша, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с жетеді.