Астана полициясы 40 миллион теңгеге екі желдеткіш сатып алуға қатысты пікір білдірді

0
568

Кондиционерлер өнеркәсіп және сервер бөлмесіне қажет.


Астана полициясы 40 миллион теңгеге екі желдеткіш сатып алуға қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Астана Полиция департаменті 40 миллион теңгеге екі желдеткіш сатып алуға қатысты пікір білдірді, жазады tengrinews.kz.

Астана ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, кондиционерлер өнеркәсіп және сервер бөлмесіне қажет.

"Бұл кондиционерлер - күрделі әрекет ету механизмі, өйткені жабдық салқындату режимінде жоғары өнімділікке және қажетті мәндерге сәйкес серверлік үй-жайдың ауа ортасының оңтайлы параметрлерін сақтау мақсатында жұмыс істеу үшін маңызды тораптардың көп санына ие және олар полиция департаментінің ақпараттық жүйелері мен дерекқорларының тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді", - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, бұған дейін Астана Полиция департаменті жалпы құны 40 миллион теңгеден асатын екі кондиционер сатып алуды жоспарлағаны белігіл болды. Бұл туралы ақпарат мемлекеттік сатып алулар сайтында пайда болды.