Астана тұрғыны сүйіктісіне жұмсаған ақшасын қайтару үшін сотқа арыз түсірді

0
140

Судья талапты қанағаттандыруға негіз жоқ деген шешімге келді.


Астана тұрғыны сүйіктісіне жұмсаған ақшасын қайтару үшін сотқа арыз түсірді

© AP Photo / Jean-Francois Badias

ERNUR.KZ. Астана қаласының тұрғыны сүйіктісіне жұмсаған 5 млн теңгесін қайтарып алу үшін сотқа арызданды, деп жазады sputnik.kz.
Қала тұрғыны қызбен интернет арқылы танысқан. Одан кейін WhatsApp мессенджері арқылы хат алмасып тұрған. Біршама уақыттан кейін сүйіктісі денсаулығына байланысты материалдық көмек сұрай бастайды. Ал жігіт көмек беруге келіскен. Сөйтіп, Kaspi қосымшасы арқылы ақша жіберіп отырған.
"Істі қарау барысында тараптар арасында жеке (романтикалық) қарым-қатынас болғаны анықталды, осыған орай талап қоюшы материалдық көмекті ерікті түрде көрсеткен. Тараптар арасында қарыз шартына сәйкес міндеттемелердің болғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынылмады. Ал Kaspi сервисі арқылы жүргізілген аударымдарда ақшаны қайтару немесе басқа да міндеттемелер туралы шарттар болмаған", - делінген сот үкімінде.
Осыған байланысты судья талапты қанағаттандыруға негіз жоқ деген шешімге келді. Себебі Азаматтық кодекстің 954-бабына сәйкес, қайырымдылық, материалдық көмек немесе сый ретінде берілген ақша негізсіз баю ретінде қайтарылмайды.
Талап қоюшы аппеляциялық шағым да түсіріп көрген. Бірақ Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Сот актісі заңды күшіне енді.