Шерзат Болат ісі: Куәгер сотта жаңа дерек айтты

0
117

Оқиға орнынан кейін барған соң дүкен алдында күдіктілер пышақты сумен жуған.


Шерзат Болат ісі: Куәгер сотта жаңа дерек айтты

ERNUR.KZ. Талдықорғанда марқұм Шерзат Болаттың өліміне байланысты өтіп жатқан сот процесінде куәгерлер жауап беруді жалғастырып жатыр. Бүгінгі отырыста сотталушылармен бірге жүрген екінші куәгер – Дана Жақсыгелді тың мәліметтерді жария етті, деп жазады baq.kz.

Куәгердің айтуынша, оқиға орнынан кейін барған соң дүкен алдында күдіктілер пышақты сумен жуған.

Сондай-ақ ол қайғылы оқиға болған жерден кетіп бара жатқанда, отырған көліктерінің алдыңғы орындығында мылтықты байқап қалған.

Жанжал біткен соң бәріміз көлікке отырып кеттік. Сол кезде алдыңғы орында жатқан мылтықты көрдім. Біраз уақыттан кейін "777" дүкеніне тоқтадық. Эльмира дүкенге кіріп, сусын алып шықты. Ол сусынды көліктің алдыңғы жағына қойды. Сол сәтте Абзал менен сусынды алып беруімді және қолына құюымды сұрады. Суды апарғанда оның қолында пышақтың жүзін көріп қалдым, — деді куәгер сотта.

Сонымен бірге Дана Жақсыгелді күдіктілер жол-жөнекей өздеріндегі мылтық пен пышақты көзден таса қылғанын да айтып өтті.