Астанада 24-қабаттан секірмек болған ер адам видеоға түсіп қалды

0
384

Секірмек болған ер адамды Есіл ауданының Полиция басқармасына жеткізді.


Астанада 24-қабаттан секірмек болған ер адам видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Елорда полиция қызметкерлері 24-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Полицияның "102" нөміріне түн ортасында Сарайшық көшесінде көпқабатты үйдің балкон қоршауында ер адам отырғаны және секіруге тырысып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына Астана ПД патрульдік полиция полкінің жасағы, полиция қызметкерлері Ержан Айса мен Нұрсұлтан Егембай дереу жіберілді. Оқиға орнына келген полицейлер балкон қоршауының арғы жағында еңкейіп және төменге секірейін деп отырған адамды көрген. Тәртіп сақшылары жағдайды бағалап, уақытты жоғалтпай тез арада жоғары көтерілді. Оларды байқаған ер адам оған жақындамасын деп айқайлай бастаған.

Полиция қызметкерлері ер адаммен диалог құруға тырысты және оның алданып тұрған сәтін пайдаланып, оған тез жүгіріп барып, артынан ұстап, балконның ішіне тартып кіргізген. Содан кейін олар ер адамды қауіпсіз жерге апарып, стресс жағдайды шешуге көмектесіп, тыныштандырған.

Секірмек болған ер адамды Есіл ауданының Полиция басқармасына жеткізді. 28 жастағы азаматтың мұндай іс-әрекетке не итермелегені анықталып жатыр. Психологтармен бірлесіп онымен профилактика жұмыстары жүргізілді.