Медбике оған бірден 8 дәрі берген.
Фото: inbusiness.kz
ERNUR.KZ. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Журналистер спикерден "Астанадағы №27 мектептің 3-сынып оқушысы дәріден уланған. Медбике оған бірден 8 дәрі берген. Денсаулық сақтау министрлігі осы жайттан хабардар ма? Қандай да бір тексеріс жүргізіліп жатыр ма?" деп сұрады.
"Бұл жағдай бойынша аумақтық комитет қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Оның қорытындысын хабарлаймыз. Қазір алдын ала ақпарат бере алмаймын, себебі қызметтік тексеріс әлі аяқталмады", - деп қысқа қайырды вице-министр.