Олар ұзақ жылға сотталды.
ERNUR.KZ. Астанада жас баланы қинап өлтірген бала күтуші мен оның көңілдесіне сот үкімі шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қалалық прокуратура өкілдері хабарлағандай, кінәлі адамдар балаға қарсы қатыгез қылмыс жасағаны үшін жазаланды.
«2022 жылы бала күтуші мен бірге тұратын көңілдес адамы жас баланы физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырату салдарынан оның өліміне әкеп соқты», - делінген ведомство хабарламасында.
Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді.
«Сотта мемлекеттік айыптаушымен аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді, олар 17 және 23 жылға сотталды», - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.