Астанада бала күтуші сәбиді өлтірді деген күдікке ілінді

0
406

Бала қылқындыру салдарынан өлді деген болжам айтылған.


Астанада бала күтуші сәбиді өлтірді деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Астанада бала күтуші екі жасар сәбиді өлтірді деген күдікке ілінді, деп жазады tengrinews.kz.

Бұған дейін Желіде Астанада екі жасар баланы өлтірді деген күдікпен 38 жастағы бала күтуші ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бала қылқындыру салдарынан өлді деген болжам айтылған.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деп түсіндірді Астана ПД өкілдері.