Астанада ер адам видео түсіріп жатқан жігіттің қолынан телефонын жұлып алып, қашып кеткен (видео)

0
1 252

32 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.


Астанада ер адам видео түсіріп жатқан жігіттің қолынан телефонын жұлып алып, қашып кеткен (видео)

көрнекілік фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Астанада ер адам видео түсіріп жатқан жігіттің қолынан телефонын жұлып алып, қашып кеткен, - деп жазады Tengrinews.kz.

Өтіп бара жатқан адамнан "Xiaomi Redmi Not-12" маркалы телефонды алып, қарақшы белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының жедел қызметкерлері тонауға қатысы бар 32 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Екі астаналықтың арасындағы жанжал, кешкі уақытта Жұмабаев көшесінде болғандығы анықталды. Ер адам, бөтен адам оны ұялы телефон камерасына түсіріп жатқанына ашуланды. Өтіп бара жатқан адамның қолынан ұялы телефонды жұлып алып, қашып кетті. Ұялы телефонның иесі оны қуып жетпек болып еді, онысынан түк шықпады. Полицейлер құны 178 мың теңге тұратын "Xiaomi Redmi Not-12" маркалы ұрланған телефонды иесіне қайтарып берді.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 191 "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаскүнем қылмыс жасағанын мойындады, қала аумағында осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.