Жеңіс Қасымбектің сөзінше, жерүсті метрополитенінің құрылысын аяқтау жұмысы өткен жылы басталған.
ERNUR.KZ. LRT жобасы келесі жылы аяқталады. Бұл туралы Хабар 24 арнасындағы "President" бағдарламасында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп жазады stan.kz.
Жеңіс Қасымбектің сөзінше, жерүсті метрополитенінің құрылысын аяқтау жұмысы өткен жылы басталған.
Енді қалған барлық шаруа келер жылдың соңында аяқталады.
"Өткен жылы үкімет алғашқы қаржыны берді. Биыл бұл нысан құрылысы белсенді жүреді. Қазір жұмысты пысықтап, техника бойынша, осы ЛРТ-да жұмыс істейтін пойыздар бойынша аванстық төлемдер жүріп жатыр. Жоба 2023-2024 жыл ішінде жүзеге асырылып, келесі жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс деп жоспарланған", - деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте LRT жобасы сөз болды. Президенттің айтуынша, LRT жобасы қате болды, бірақ оны тоқтатсақ, шығын одан да көп болады.