Астанада Министрліктер үйі маңында ер адамды көлік қағып кетті

0
191

Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған.


Астанада Министрліктер үйі маңында ер адамды көлік қағып кетті

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Елордадағы Министрліктер үйі маңында жол-көлік оқиғасы болды. Ер адамды көлік қағып кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған. Кадрларда зардап шеккен ер адамның жерде жатқаны көрінеді.


Астана Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі жөнелтілген, медицина қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп, зардап шеккен адамға көмек көрсетіп жатыр. Оның жағдайы әзірге белгісіз.

Елорда полиция департаменті оқиғаға қатысты ақпарат әзірлеп жатыр.