eGov порталы қазақстандықтарға ескерту жасады

0
118

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бүгіннен қалдырмай, қажетті құжаттарды жүктеп алуға кеңес берді.


eGov порталы қазақстандықтарға ескерту жасады

фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. eGov порталында 26 сәуірде техникалық жұмыстар атқарылады. Осыған байланысты электронды қызметтер уақытша қолжетімсіз болады, деп жазады sputnik.kz.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бүгіннен қалдырмай, қажетті құжаттарды жүктеп алуға кеңес берді.
"Жоспарлы техникалық жұмыстар 26 cәуір сағат 00:00-ден 08:00-ге дейін жүргізіледі. Осыған байланысты барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынамыз", - дейді компания мамандары.
Ал eGov Mobile қосымшасында ЭЦҚ шығарылған және бұрын цифрлық құжаттар пайдаланылған болса, ол құжаттарды офлайн-режимде қолдануға болады. Ол үшін телефонды ұшақ режиміне ауыстырып, қосымшадағы цифрлық құжаттарды ашып, тіркеу орнында QR-кодты көрсету керек.