Астанада полицейлер «Нұрсая» тұрғын үй кешенін қоршауға алды

0
1 596

Министрліктер үйіне қарама-қарсы орналасқан дәмханаға қалдырылған сөмке күдік туғызғандықтан оқиға орнына тәртіп сақшылары шақырылды.


Астанада полицейлер «Нұрсая» тұрғын үй кешенін қоршауға алды

Астанадағы «Нұрсая» тұрғын үй кешенінде орналасқан дәмханадан иесіз сөмкенің анықталуына байланысты полицейлер маңайды қоршауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктер үйіне қарама-қарсы орналасқан дәмханаға қалдырылған сөмке күдік туғызғандықтан оқиға орнына тәртіп сақшылары шақырылды. «Иесіз зат табылған аумақ қоршауға алынды. Қауіпсіздік шарасы ешкімге ыңғайсыздық тудырған жоқ», - дейді Астана ІІД баспасөз қызметі. Полицейлер жүргізген мұқият тексеріс барысында, ешқандай қауіп тудыратын зат табылған жоқ. Сөмкені дәмханаға келушілердің бірі ұмытып кеткен.