Астанада үшкір зат ұстаған ер адам жасөспірімдердің соңына түскен

0
210

Оқиға кешкі уақытта Есіл өзенінің жағалауына жақын маңда болған.


Астанада үшкір зат ұстаған ер адам жасөспірімдердің соңына түскен

фото:CC0

ERNUR.KZ. Астанада Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жасөспірімдерді өткір затпен қаруланған ер адамнан құтқарып қалды, деп жазады tengrinews.kz.
Ұлттық ұланның мәліметінше, оқиға кешкі уақытта Есіл өзенінің жағалауындағы қонақ үйлердің бірінің жанында болған. Бұл маңайда әскери жасақтың бастығы Абзал Ерғали, патрульдеушілер Әлихан Аман мен Тахир Жайық өздеріне жүктелген аумақта патрульдік қызмет атқарып жүрген.
Шамамен сағат 21:00-де жасөспірімдер ұландықтарға жүгінген. Олардың айтуынша, жат қылық танытқан белгісіз ер адам оларды пышаққа ұқсас өткір затпен қорқытып, шабуыл жасауға әрекеттенген.
Әскерилер оқиға орнына жедел жетіп, шабуылдаушыны ұстады.
"Жасөспірімдердің қатты қорқып қалғанын және оларға көмек қажет екенін көрдік. Уақытымыз тығыз еді. Ер адам агрессивті әрекет жасап, өткір затпен қолын сермеп, қорқытқан. Біз нұсқаулыққа сәйкес әрекет еттік: оның назарын басқа жаққа аударып, қаруын тартып алып, залалсыздандырдық", – деді қатардағы Абзал Ерғали.
Бұзақы ұсталып, құқық қорғау органдарына тапсырылды.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.