ХАБАРЫҢЫЗ БОЛСЫН: 2025 жылы жаңадан қосылған халықаралық әуе рейстері

0
303


ХАБАРЫҢЫЗ БОЛСЫН: 2025 жылы жаңадан қосылған халықаралық әуе рейстері

Сурет: sun9-14.userapi.com

2025 жылы Қазақстаннан шетелге бағытталған жаңа халықаралық әуе рейстері қосылып, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне тікелей қатынастар орнатылды. Бұл өзгерістер елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға, туризм мен іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған.


Жаңа халықаралық бағыттар

Air Astana:

  • Алматы - Франкфурт (Германия): 2025 жылғы 1 маусымнан бастап аптасына 3 рет ұшады.
  • Алматы - Мумбай (Үндістан): Жаңа тікелей рейс аптасына 3 рет орындалады.
  • Алматы - Нячанг (Вьетнам): 2025 жылдың 31 наурызынан бастап жаңа бағыт ашылды.
  • Алматы - Да Нанг (Вьетнам): 2025 жылғы 4 маусымнан бастап аптасына 2 рет ұшатын болады.
  • Алматы - Гуанчжоу (Қытай): 2025 жылғы 30 наурыздан бастап жаңа бағыт іске қосылды.
  • Атырау - Баку (Әзербайжан): 2025 жылғы 31 мамырдан бастап аптасына 3 рет орындалады.
  • Алматы - Лондон (Ұлыбритания): 2024 жылдың 4 қазанынан бастап Airbus A321LR ұшағымен тікелей рейс іске қосылды.


Fly Arystan:

  • Алматы - Инин (Қытай): 2025 жылғы 18 мамырдан бастап аптасына 2 рет ұшады.
  • Қарағанды - Ыстанбұл (Түркия): 2025 жылғы 4 маусымнан бастап аптасына 2 рет орындалады.
  • Астана - Нью-Дели (Үндістан): 2025 жылдың 14 мамырынан бастап үнділік Indigo авиакомпаниясымен бірлесіп, аптасына үш рет рейс орындалады


Qazaq Air:

  • Астана – Түркістан – Самарқанд (Өзбекстан): 2025 жылғы 1 мамырдан бастап аптасына 2 рет ұшады.


SCAT Airlines:

  • Шымкент - Мюнхен (Германия): 2025 жылғы 27 мамырдан бастап жаңа бағыттар ашылады.
  • Шымкент - Каир (Египет): 2025 жылдың 29 мамырынан бастап аптасына екі рет ұшады
  • Шымкент - Сиань (Қытай): 2025 жылдың 28 мамырынан бастап аптасына екі рет рейс орындалады.
  • Шымкент - Будапешт (Венгрия): 2025 жылдың 27 мамырынан бастап жаңа бағыт ашылады.

Бұл бағыттар туристік және іскерлік сапарлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Жаңа әуе бағыттарының ашылуы жолаушыларға ыңғайлы сапарлар жасауға мүмкіндік береді.

Толық ақпарат пен билеттерді сатып алу үшін әуе компанияларының ресми сайттарын немесе сенімді туристік агенттіктерді пайдалануды ұсынамыз.

Дайындаған: Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Шетелге БАЛАМЕН шықсаңыз, мыналарды БІЛУІҢІЗ керек