Астанада заңсыз митинг ұйымдастырған Әбиев 2 айға қамауға алынды

0
321

Ұйымдастырушы 300-ге жуық адам жинаған.


Астанада заңсыз митинг ұйымдастырған Әбиев 2 айға қамауға алынды

ERNUR.KZ. Астанадағы заңсыз митингіні ұйымдастырған Әбиев 2 айға қамауға алынды, деп жазады stan.kz.

Еске сала кетейік, 26 қараша күні Астанадағы түнгі клубтардың бірінде жастарға арналған бұқаралық мәдени шара ұйымдастырылған болатын. Ұйымдастырушы 300-ге жуық адам жинаған.

"2022 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Ж.Әбиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп хабарлады Астана қаласы сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Әбиевтің Астананың жергілікті атқарушы органынан рұқсат алмай, Қорғалжын тас жолы бойында митинг ұйымдастырып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны хабарланған болатын.

Кейін ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха оқиғаның жай-жапсарын түсіндірді. Ресми мәлімет бойынша, 18 адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.