Астанадағы атыс: полиция қылмыстық іс қозғады

0
388

Жазбада Kia көлігін тізгіндеген белгісіз біреу тапаншадан аспанға бірнеше рет оқ атқаны көрсетілген.


Астанадағы атыс: полиция қылмыстық іс қозғады

ERNUR.KZ. Астана полициясы қаладағы қонақүйлердің бірінің маңындағы көлік тұрағында естілген атыс бойынша тергеуді бастады. Оқиғаның видеосы бұған дейін әлеуметтік желіде пайда болған еді, деп жазады tengrinews.kz.

Жазбада Kia көлігін тізгіндеген белгісіз біреу тапаншадан аспанға бірнеше рет оқ атқаны көрсетілген.

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқ атқан жүргізуші анықталып, ұсталды:

"Glock маркалы тапанша тәркіленді, сараптама тағайындалды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр".