1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде оқушылар мектепте тегін және жеңілдікпен тамақтанатыны айтылды.
ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, eGov Mobile мобильді қосымшасында "Әлеуметтік әмиян" арқылы мектептерде тегін тамақтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп жазады stan.kz.
Жоба ата-аналарға қызметті проактивті түрде алуға, балаларының мектеп асханаларына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтану үшін цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.
“Қазір тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері 15 өңірдегі 250 мектепте жұмыс істейді. Жобаны кеңейту үшін мектептерді тамақтандыруды есепке алу мен тіркеу жүйелерімен қамтамасыз ету және оларды "Әлеуметтік әмиян" жүйесімен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді оқу-ағарту министрлігі.
Пилоттық жоба Ақмола, Маңғыстау облыстарында және Астана мен Шымкентте сынақтан сәтті өтті. Мектептердің дайындығына қарай біртіндеп енгізіледі.
Еске салсақ, бұған дейін 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде оқушылар мектепте тегін және жеңілдікпен тамақтанатыны айтылды.