"Ата-анаңа айтпа": Ақтөбелік жігіт оқушы қыздардың жалаңаш суреттерін желіге жариялаған

0
444

Ақтөбе облысының 27 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол телефон арқылы хат алмасу кезінде балалардан жалаңаш суреттерін жіберуін сұрап, ақша төлейтінін айтқан.


ERNUR.KZ. Оқушы қыздардың жалаңаш суреттерін шетелдік әлеуметтік желіге жариялаған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазады ulysmedia.kz.

Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасының мәліметінше, ведомство мониторинг жүргізу кезінде "Тик-ток" әлеуметтік желісінде 7-10 жасар аралығындағы жас қыздардың анықталмаған тұлғамен хат алмасып, ересектердің ойға келмейтін тақырыптарын талқылау фактілерін анықтады.

"Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының 27 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол телефон арқылы хат алмасу кезінде балалардан жалаңаш суреттерін жіберуін сұрап, ақша төлейтінін айтқан. Оның үстіне бұл жайт турасында ата-аналарына жақ ашпауды өтінген. Сонымен қатар, ол аталған фото суреттерді шетелдік әлеуметтік желілерге орналастырған", - делінген хабарламада.

Күдіктінің іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 312-бабының 3-бөлігі 2-тармағы, яғни "Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және айналымға салу" бойынша алдын ала анықталған.