Атырау облысында пойыздың артынан жүгіріп бара жатқан бір топ адамның видеосы тарады

0
843

Оқиға 4 шілдеде Қызылқоға ауданының Сағыз станциясында болған.


Атырау облысында пойыздың артынан жүгіріп бара жатқан бір топ адамның видеосы тарады

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде пойызға ілесе шулап жүгіріп бара жатқан бір топ адамның видеосы тарады, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға 4 шілдеде Қызылқоға ауданының Сағыз станциясында болған.

Сағыз ауылдық округінің желілік полиция бөлімінің басшысы Болатбек Іңірбайдың айтуынша, жастар әскерден оралған жерлестерін осылай қарсы алған.

"Бұл аудан орталығының, совхоздар мен 3-ауылдың жастары. Пойыз әдеттегідей станцияда тоқтайды, алайды жігіттердің вагондардың тоқтағанын күтуге шыдамы жетпеді", - деді Іңірбай.

Аталған дерек бойынша Сағыз ауылының екі тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл 18-19 жастағы жігіттер, олар вагонға шығып алған. Оларға қатысты хаттамалар толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабы бойынша ("Теміржол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзу") 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция қызметкерінің айтуынша, Қызылқоға ауданында әскерден келгендерді бұрыннан осылай шумен қарсы алады, бірақ станцияда пойызды тоқтату әрекеті бірінші рет болып тұр.