​Атырау облысында жыл басынан бері 18 927 жаңа жұмыс орны ашылды

0
578

Атырау облысы 9 айдың қорытындысы бойынша, жұмыс орындарын ашудан елімізде көш бастады.


​Атырау облысында жыл басынан бері 18 927 жаңа жұмыс орны ашылды

иллюстрациялық фото

«Nur Otan» партиясының басты мақсаттарының бірі — жұмыссыздық мәселесін жүйелі шешу. Бұл туралы облыс әкімі "Айқын" газетіне жарияланған мақаласында айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атырау облысы 9 айдың қорытындысы бойынша, жұмыс орындарын ашудан елімізде көш бастады. Мәселен, биыл 18 907 жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыспен қамту орталығы арқылы 20 864 адам жұмысқа орналастырылды.
«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 29,5 мың адамды қамту жоспарланып, бүгінде 24 348 адам қамтылды. Оның ішінде 13 733 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Сонымен қатар қазір жұмыс берушілердің сұранысын ескеріп, жұмыссыздарды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша оқытуға көңіл бөліп отырмыз.
«Бастау бизнес» жобасы шеңберінде 5 жыл ішінде 150 мың, оның ішінде биыл мың адамды оқыту жоспарланған. Жыл басынан бері 1102 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқыды. Сондай-ақ, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бағытында 266 жас кәсіпкерге мемлекеттік гранттарды беру қарастырылды.
"2021 жылға 530 адамға қайтарымсыз гранттар берілді, оның 196-сы жастар. Партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы жол картасының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарт адамдардың тұру жағдайларына мониторинг жүргізіледі. Облыс бойынша 3 243 қарт пен еңбекке жарамсыз адамға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы іске асырылып жатыр. Атап айтсам, 2021 жылы 258 әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін паспорттау және бейімдеу жоспарланып, 9 айда 233 нысан немесе 90,3% бейімделді. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мақсатында жуырда Атырау қаласында «Отбасын қолдау бөлімшесі» ашылды", - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.