Атырауда 86 айыппұлы бар көлік анықталды

0
1 012

Тексеріс барысында автокөліктің төленбеген 86 айыппұлы бар екені, сондай-ақ мемлекеттік белгісі жалған екені анықталды.


Атырауда 86 айыппұлы бар көлік анықталды

ERNUR.KZ. Атырауда жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері "Interceptor" іздеу жүйесі арқылы Mersedec автокөлігін борышкер ретінде анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген, деп жазады inbusiness.kz.

"Тексеріс барысында автокөліктің төленбеген 86 айыппұлы бар екені, сондай-ақ мемлекеттік белгісі жалған екені анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды", - деп жазды ІІМ-нен.