Асфальт төсейтін техника жүргізушісі байқаусызда учаске басшысының аяғын мыжып кеткен.
ERNUR.KZ. 3 қазан сағат 17.30-да Ақтөбе – Атырау – Астрахан тасжолының Қызылқоға ауданындағы учаскесінде жол-құрылыс жұмыстары кезінде адам өліміне әкеп соққан апат болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Асфальт төсейтін техника жүргізушісі байқаусызда учаске басшысының аяғын мыжып кеткен. Оқыс оқиғадан зардап шеккен азамат ауруханаға жеткенде қайтыс болған.
Бұл жағдайға байланысты сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.