Атырауда белгісіз біреулер өзбекстандықты ұрлап әкетіп, 500 мың теңге талап еткен

0
530

Бопсалаушылардың аты-жөні анықталды.


Атырауда белгісіз біреулер өзбекстандықты ұрлап әкетіп, 500 мың теңге талап еткен

ERNUR.KZ. Атырауда белгісіз біреулер Өзбекстан азаматын ұрлап әкетіп, мәжбүрлі түрде ұстап отырған, деп жазады tengrinews.kz.

Дереккөз мәліметінше, бірнеше уақыттан соң оны босатқан, алайда 500 мың теңге талап еткен.

Зардап шеккен ер адам бірден полицияға арыз түсірген. Артынша күдіктілер жедел түрде ұсталған.

Бопсалаушылардың аты-жөні анықталды - Атырау қаласының 1983 жылғы тұрғыны, екіншісі - Жылыой ауданының 1979 жылғы тұрғыны.

Олардың бірінің осыған дейін сотты болғаны анықталды, қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды, ал екіншісі үй қамауында.