Атырауда ер адам өз ағасының отбасын өртемек болған

0
582

Өрт салдарынан үй толығымен дерлік жанып кеткен.


Атырауда ер адам өз ағасының отбасын өртемек болған

ERNUR.KZ. Атырау облысында мас жігіт өзінің ағасының үйіне бензин шашып, өртеп жіберген, деп жазады Stan.kz.

Оқиға Қызылқоға ауданы Жасқайрат аулында болған. Араққа сылқия тойып алған ер адам ағасының үйіне бензин шашып, өртеп жіберген. Үйде болған адамдар шығып үлгерген.

“3 қазан күні сағат 17:30 шамасында Қызылқоға ауданы Полиция бөлімінің кезекші бөліміне Жасқайрат ауылдық округіне қарасты елді мекендердің бірінен үй өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Арызданушы азаматшаның айтуынша, жолдасының інісі ішімдік ішіп үйдің ішіне жанармай шашып, отқа ораған. Өрт салдарынан үй толығымен дерлік жанып кеткен, - деп жауап берді облыстық полиция департаменті.

Мас адам ұсталып, оған қатысты ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.