Атырауда иесіз жүрген жылқы дәмхана әйнегін сындыра жаздады

0
2 779

Желі қолданушыларының пікірі бойынша, бұл оқиға Жылыой ауданының орталығы - Құлсары қаласында болған.


Атырауда иесіз жүрген жылқы дәмхана әйнегін сындыра жаздады

ERNUR.KZ. Атырау қаласының тұрғындары төрт түліктің көше кезіп жүретіні туралы бірнеше рет шағымданған еді. Ал бүгін Іnstagram желісінде иесіз жүрген жылқының дәмхана әйнегін тепкілеп тұрғаны түсірілген видео тарады, деп жазады tengrinews.kz.

Желі қолданушыларының пікірі бойынша, бұл оқиға Жылыой ауданының орталығы - Құлсары қаласында болған. Ал, дәмхана моноқаланың үшінші шағынауданында орналасқан. Ол кезде дәмхананың жұмыс істегені, не жабық тұрғаны белгісіз.

Видеоға байланысты желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр. Алайда, көшеде жүрген жылқының иесі әлі табылмаған.