Атырауда коронавирус жұқтырған науқастарды тексерген 4 медқызметкер оқшауланды

0
783

Барлық қалалық емхана қалыпты режимде жұмыс істеуде.


Атырауда коронавирус жұқтырған науқастарды тексерген 4 медқызметкер оқшауланды

ERNUR.KZ. Атырауда COVID-19 індетін жұқтырғандарды тексерген 4 медицина қызметкері оқшауланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, №2 емханадан – 2, №3 емхананың - 2 медқызметкері оқшауланған. Қызметкерлер тексерістен өткен. Олардың нәтижесі 6 сағаттан кейін белгілі болады.

«Барлық қалалық емхана қалыпты режимде жұмыс істеуде. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы емханалардың карантинге жабылуы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, жалған ақпарат таратушылардың барлығы әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ресми түрде мәлімдейді» -деп хабарлады басқармадан.

Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 150-ге жетті. Соның үшеуі - Атырау облысында тіркелген.