2015 жылдан 2020 жылға дейін басқарма қызметкерлері "алдын ала келісім бойынша адамдар тобымен" аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған.
ERNUR.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облысы білім басқарма басшысының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарын ұстады, деп жазады zakon.kz.
Ол және басқа да басқарма қызметкерлері мемлекет қаржысын жымқырды деп күдікке ілінді.
2015 жылдан 2020 жылға дейін басқарма қызметкерлері "алдын ала келісім бойынша адамдар тобымен" аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған. Олар мұны басқармада жұмыс істемейтін адамдарға жалақыны заңсыз аудару арқылы жасаған, бұдан басқа қызметкерлердің іссапар шығындарының сомасын асыра төлеп, іс жүзінде өткізілмеген білім беру іс-шараларына төлем жасаған.
- Азаматша К. ұсталып, Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
38 жастағы күдікті құқыққорғаушылар тергеу жүргізіп жатқан кезеңде (2015-2020 ж.ж.) басқармада есеп бөлімінде жұмыс істеген, тек 2020 жылдың қарашасында басқарма басшысының орынбасары болған.