Облыстық полиция департаментіне хабарлама 5 маусым күні сағат 19:00 шамасында түскен.
ERNUR.KZ. Атырау облысында полицейлер ашық терезеге қарап тұрған екі және үш жасар баланы құтқарды, деп жазады Stan.kz
Облыстық полиция департаментіне хабарлама 5 маусым күні сағат 19:00 шамасында түскен.
“Оқиға орнына келген Тойғожа Әзбергенов, Ренат Исемғалиев, Аслан Мұсаев және Мақат ауданының тұрғыны Қайрат екінші қабаттың терезесіне көтеріліп, балаларды қауіпсіз жерге алып кетті”,- деді Атырау облысы полиция департаментінің
Деректерге сәйкес екі бүлдірішін үйде жалғыз болған.
“Ювеналды полиция инспекторының мәліметінше балалардың 1997 жылғы ата-анасы жұмыста болған. Тәртіп сақшылары олармен түсіндірме әңгіме жүргізді,”- деп қосты баспасөз қызметі.