Атырауда полициядан қашқан жүргізушіге 233 мың теңге айыппұл салынды

0
363

27 қазан-5 қараша аралығында «Шетел автокөліктері» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.


Атырауда полициядан қашқан жүргізушіге 233 мың теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Атырауда полициядан қашқан 26 жастағы жүргізушіге 7 хаттама толтырылып, 233 мың 330 теңге айыппұл салынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қазан-5 қараша аралығында «Шетел автокөліктері» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«Аталған іс-шара кезінде патрульдік полиция қызметкерлері Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған «Ваз-2115» маркалы автокөлігін тоқтатты. Алайда, 26 жастағы жүргізуші тәртіп сақшыларының талабын орындамай, қашып кеткен. Кейін көлік жүргізушісінің Жұмыскер шағын ауданында жол ережесін бұзғаны анықталды. Тексеру кезінде жүргізушінің бұған салынған 11 айыппұлын төлемегені белгілі болды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полициядан қашып, жол-көлік оқиғасына ұрынған жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, 233 мың 330 теңге көлемінде айыппұл салынды.