Қайтыс болған азамат - газ таситын көліктің жүргізушісі.
ERNUR.KZ. Атырауда газ құю стансасындағы жарылыстан зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.
Оқиға 5 маусымда болған еді. Жарылыстан күйік шалған 4 адам ауруханаға түсті . Соның бірі – газ таситын көліктің жүргізушісі. Өкінішке қарай, денесінің 90 проценті күйген ол ауруханада қайтыс болды.
Жүргізуші Құрманғазы ауданының тумасы. Атырау қаласында баспана жалдап тұрған. Артында төрт баласы мен аяғы ауыр келіншегі қалды.